Қызылордада баспанасыз жалғызбасты анаға ауылдастары үй алып берді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Жалағаш ауданына қарасты Қаракеткен ауылының тұрғындары баспанаға мұқтаж жалғызбасты анаға тұрғын үй тарту етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана Айнұр Науанова ұзақ жылдан бері баспанасыз қиындық көріп келе жатқан еді. Бұл отбасының тұрмыстық ахуалынан хабардар жерлестері ортақ байламға келіп, оған қол ұшын созуды құп көрді. Нәтижесінде барлығы қаржылай көмектесіп, Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында аталмыш отбасы баспанаға қол жеткізді. Қамқорлық танытқан азаматтар қатарында жергілікті кәсіпкерлер, өзге де қаржылы азаматтар, ауылдың қарапайым тұрғындары бар.

«Ауыл тұрғындары осылайша ауызбірліктің үлгісін көрсетті. Қайырымды жандар тек жақсылық жасаумен шектелген жоқ. Өскелең ұрпаққа ұлағат сыйлайтын ізгілікті істі паш етті», - деді Nur Otan партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаншагүл Мұстафаева.

Айнұр Науанованың қызы Жанерке арнаулы оқу орнын тәмамдап, өз мамандығы бойынша еңбек етіп келеді. Ал ұлы Бағдат мектепте жетінші сыныпта оқиды.

Соңғы жаңалықтар