Қызылордада балабақшада қызмет ететін 9 адам коронавирус жұқтырды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы «Өрімтал» балабақшасында өткен тәулікте 9 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір ауру ошағында эпидемияға қарсы барлық іс-шаралар жүргізілді. Қарым-қатынаста болған адамдар анықталған. Олардың барлығы медициналық бақылауға алынды. Эпидемиологиялық зерттеу жұмыстары жалғасуда. Қажет болған жағдайда балабақша толығымен карантинге жабылуы мүмкін. Дегенмен де бүгінгі күні ата-аналар тарапынан балаларды балабақшаға жіберу тоқтатылған.

«Соңғы 5 күндегі көрсеткіштер бойынша Қызылорданың «жасыл» аймақтан орташа «сары» аймаққа өту қаупі жоғары. Күн сайынғы вирус жұқтыру қарқыны артып келеді. Өткен тәуліктің өзінде 39 жағдай тіркелді. Олардың басым бөлігі COVID-19 инфекциясын жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болғандар арасынан анықталып отыр. Оның саны 17 жағдайды құрайды», - деп мәлім етті мәлім етті Қызылорда облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

Бүгінгі күні облыс бойынша коронавирустық инфекция жұқтырғандар саны 4198 адамға жетті. Оның 3 пайызы сырттан тасымалданған болса, 56 пайызы скринингтік тексеру нәтижесінде анықталған. Ал 41 пайызы қарым-қатынас арқылы жұқтырған.



Соңғы жаңалықтар