Қызылордада автокөлік жаяу жүргіншіні қағып кетті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада жеңіл көлік иесі жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан адамды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы облыс орталығында Н.Назарбаев даңғылы бойындағы «Nomad Palace» кешені тұсында 3 мамыр күні кешке болды. «Лада-21705» маркалы автокөлігімен келе жатқан 22 жастағы жүргізуші жүргіншілер өткелінде жаяу жолаушыны қағып кетті.

«Жол-көлік оқиғасы заң талабына сай рәсімделді. Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды. Жаяу жүргіншіге алғашқы медициналық көмек көрсетілді», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада екі көлік соқтығысып, 4 адам зардап шекті.

Сондай- ақ, Қызылордада автокөлік пен мотоцикл соқтығысып, бір адам ауруханаға түсті.


Соңғы жаңалықтар