Қызылордада аудан тұрғындары көпірден өтуге қорқады

None
None
ЖАҢАҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Сенат депутаттары Мұрат Бақтиярұлы мен Бекмырза Еламанов Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында Жаңақорған ауданындағы Сұңқат және Төменарық ауылдарында жергілікті халықпен, аудандық мекемелердің басшыларымен және ардагерлер кеңесінің өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесу барысында «Қызылорда-Семей» жүйрік пойызының Төменарық стансысында аялдауы, әйелдердің зейнеткерлік жасын төмендету, халықты ауызсумен қамту және өзге де мәселелер талқыланды.

Сенаторлар ауылдағы аурухана құрылысының құжаттары қаралып жатқанын айта келіп, көпбалалы және аз қамтылған отбасылар үшін жаңа сипаттағы әлеуметтік көмекке, сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жеңілдіктермен қоса, ауыл шаруашылығы саласын дамытуға байланысты енгізілген өзгерістерге тоқталды.

Бұдан бөлек, депутаттар Шиелі ауданының Жүрек, Балаби және Бәйгеқұм ауылдарында аурухана қызметкерлерімен және жергілікті тұрғындармен кездесті. Жүздесуде көпбалалы аналар әлеуметтік жәрдемақыға қатысты сұрақтарын қойды. Сонымен қатар, 3 ауылдың тұрғындары ауызсу мәселесін шешуді және көктемгі, күзгі кезеңдерде жолдарды су басатындықтан, «Нансай» арнасындағы көпірді жаңартуды сұрады. Сенаторлар барлық мәселелер тұрақты бақылауда болатынын, сондай-ақ жекелеген мәселелер Парламент Сенатында талқыланатынын атап өтті.

Депутаттар сондай-ақ Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушы құрамымен және студенттермен кездесті. Оның барысында «Педагог мәртебесі туралы» заң түсіндірілді. Сенаторлар сонымен қатар студенттерге алкогольмен және есірткімен мас болудың зиянды салдарын егжей-тегжейлі түсіндіріп, олардың қайтымсыз залалы мен осы мәселелерге байланысты заңдардың өте қатаңдығы туралы айтып берді. Бұдан бөлек, палата өкілдері студенттер Жастар жылы қоғамдық істерге белсенді қатысқаны үшін алғысын білдіріп, жастарды Қызылорда өңірінің көркеюіне және қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді шешуге белсене қатысуға шақырды.



Соңғы жаңалықтар