Қызылордада асханада жұмыс істейтін адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық дәлізі бойына орналасқан көпшілік асханасында жұмыс атқарған адамға коронавирус инфекциясы диагнозы қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 231 адам бар. Олардың арасынан 181 адам сауығып шықты.

«Жаңадан анықталған 1 жағдай Жаңақорған ауданында тіркелді. Ол - бұған дейін провизорлық карантинде болған азамат. Негізгі жұмыс орыны «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» халықаралық дәлізі бойына орналасқан көпшілік асханасында жұмыс жасаған», – деді Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов.

Сондай-ақ, коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен байланыста болған– 3270 азамат анықталды. Оның ішінде, 1798-і жақын қарым-қатынаста, 1472-сі жанама байланыста болған.

«Соңғы 19 күннің статистикасына қарағанда, вирустың жұғу мүмкіндігі қарым-қатынас арқылы болып отыр. Вирус ауа тамшылары арқылы жұғатын болғандықтан, ол көбіне сулы ауада көп сақталады. Сондықтан оқшаулану, шектеу шараларына мұқият болуға және бетперде киюді жалғастыра беруге шақырамыз», - деді басқарма басшысы.


Соңғы жаңалықтар