Қызылордада Алматыдан келген 2 адамнан коронавирус табылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында өткен тәулікте коронавирус жұқтырған науқастардың 2-і Алматы қаласынан келгені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде өткен тәулікте 9 адам қатерлі індеттің құрығына ілікті.

Оның алтауы - Қызылорда қаласында тұрса, екеуі - Жалағаш, біреуі - Арал ауданынан анықталды.

Науқастардың екеуі Алматы қаласынан келген.

Айта кетерлігі, төрт адамда дене қызуының көтерілуі, ентігу, кеуде тұсының ауыруы секілді клиникалық белгісі байқалған.

Қалған 5 жағдай симптомсыз анықталды.

«Науқастармен қарым-қатынаста болған 30 адам медициналық бақылауға алынды. Оларға профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар жүргізілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

Қазіргі таңда коронавирус жұқтырған азаматтардың саны 3 768 адамға жетті. Науқастардың басым бөлігі Қызылорда қаласының үлесіне тиеді.


Соңғы жаңалықтар