Қызылордада адам өлтірді деген күдікпен 44 жастағы тұрғын ұсталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада Қызылорда қаласында адам өліміне қатысты күдікті қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда қаласы «Ақмешіт» мөлтек ауданында адам мәйіті табылған еді. Полиция қызметкерлері тәулік ішінде жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде қылмысқа қатысы бар 44 жастағы облыс орталығының тұрғыны қолға түсті.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Онда адам өлтiру жағдайы көрсетілген. Күдікті Қызылорда қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамалды. Басқа мәліметтер Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес жария етілмейді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар