Қызылордада 86 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА, ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 86 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде қатерлі індетке қарсы екпе алу ақпан айының алғашқы күнінен басталды. Бүгінде тұрғындар «Спутник V», «Hayat Vaх» және «QazVac» вакциналарын салдырды.

Облыста КВИ-ға қарсы иммундау науқанына 19 екпе кабинеті, оның ішінде аудандарда 9 кабинет жасақталған. Бұдан басқа 10 жылжымалы/көшпелі пункттің (бригаданың) жұмысы ұйымдастырылған.

Барлығы қажетті мұздатқыш жабдықтарымен, мұздату элементтерімен қамтамасыз етілген. Иммундау науқанына 130 астам медицина қызметкері тартылған.

«Медициналық ақпараттық жүйенің деректеріне сәйкес бірінші компонентпен 86065 адам егілді, оның ішінде медицина қызметкерлері – 12729, педагогтар – 22 586, күш құрылымдарының қызметкерлері мен учаскелік полиция қызметкерлері – 5379, мемлекеттік қызметшілер – 3815, студенттер – 1651, қалғаны басқа контингенттер. Екінші компонентпен – 34405 адам қамтылды. Егілгендер арасында иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер тіркелген жоқ», - деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жаңабергенова.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда ауруханаларында 451 постковидті оңалту қызметі көрсетілді.


Соңғы жаңалықтар