Қызылордада 82 жастағы қария коронавирус жұқтырды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 82 жастағы ер адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соңғы тәулікте өңірде Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 30 адам тіркелді. Олардың 25-і Қызылорда қаласының тұрғыны болса, 2-уі Арал, 3-уі Жаңақорған аудандарында тұратыны анықталды. Олардың арасында ең үлкені -1938 жылғы ер адам, ең кішісі - 2016 жылы дүниеге келген ер бала.

«ПТР анализдері 22 науқастан вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болуына байланысты алынған. Ал 7 адамнан ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес скринингтеу кезінде белгілі болды. Сондай-ақ, 1 адам ЖРВИ симптомының бар болуына байланысты өздігінен медициналық көмекке жүгініп, анализ тапсырған. Зерттеу қорытындысы науқастардың коронавирус инфекциясын жұқтырғанын көрсетті. Қазір пациенттер ауруханаға оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр. Ауру ошақтарында мамандар індетке қарсы іс-шаралар ұйымдастырып, қарым-қатынаста болғандар анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық тауарлар, қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 448 адам тіркелген.


Соңғы жаңалықтар