Қызылордада 4 жастағы сәби екі қабатты тұрғын үйдің баспалдағынан құлап кетті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында екі қабатты жеке тұрғын үй баспалдағының жоғары бөлігінен абайсызда төменге құлаған төрт жастағы сәби аман қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Құрманғазы көшесі бойындағы тұрғын үйде тіркелді. Ата-анасының қадағалауынсыз қалған сәби баспалдақтың жоғары бөлігінен абайсызда төменге құлап кеткен.

«Алған жарақатына байланысты сәби облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Жағдайы орташа деп бағаланып отыр. Оқиға орнына облыстық төтенше жағдайлар департаменті және оған қарасты мекеме мамандары барды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өкілдері.

Сондай-ақ, бұдан бұрын Қызылордада үш жастағы сәби тоққа түсіп, қайтыс болды.


Соңғы жаңалықтар