Қызылордада 4-қабаттан құлап кеткен үш жасар сәби аман қалды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада үш жасар сәби төртінші қабаттан құлап кетті. Қазір баланың жағдайы жақсарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс орталығындағы «Арай» мөлтек ауданында 3 жасар сәби 4-қабаттан құлап, ауруханаға жеткізілді. Қазір баланың жағдайы жақсы. Оқиға бойынша полиция қызметкерлері тексеріс жұмыстарын жүргізуде. Кейінгі жылдарда қалада балалардың көпқабатты тұрғын үйл терезесінен құлап кету жағдайы жиі тіркелуде.

«Биыл мұндай 3 жағдай тіркелген. Былтыр 10 бала терезеден құлап, оның 2-і қаза тапты. Осы себепті жаз бойы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қала тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізеді», – деді Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Жасұлан Түймебаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қызылордада төрт жастағы сәби үшінші қабаттан құлап кетті.



Соңғы жаңалықтар