Қызылордада 30 жастағы жігіт былтырдан бері табылмай жатыр

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында полицейлер бір жылға жуық уақыттан бері хабарсыз еткен 30 жастағы жігітке іздеу жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңақорған ауданында тұратын 1991 жылдың 24 ақпанында дүниеге келген Мадияр Жарылқасынұлы 2020 жылдың шілде айынан бері хабарсыз еткен. Ол үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған.

«Осыған байланысты Қызылорда облысының Полиция департаменті іздеу салады. Оның белгілері бойы 170-175 см, арық денелі, шашы қысқа көзі қара, қыр мұрынды, қалың қасты, беті домалақ. Киген киімдері белгісіз Қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда төменде көрсетілген 8(7242)-29-70-10, 8(7242)-29-75-20, 8(7242)-29-75-02, 8-705-255-81-25 немесе 102 телефон нөмірлеріне хабар берулеріңізді сұраймыз», - деп жазылған облыстық полиция департаменті таратқан хабарламада.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын Қызылордада 54 жастағы азаматқа іздеу жарияланды.



Соңғы жаңалықтар