Қызылордада 3 жыл бұрын жоғалған адам Түркістаннан табылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалық полицейлер үш жыл бұрын жоғалған ер адамды тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2018 жылдың қазан айында Қызылорда облысының тұрғыны полицияға өзінің 48 жастағы туған інісінің тұрғылықты үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағаны жөнінде хабарлаған еді. Аталған дерек бойынша сол уақытта іздестіру ісі арналып, жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілді.

«Бұл бағытта Қармақшы аудандық полиция бөлімінің криминалды полиция бөлімшесінің жедел уәкілдерімен тынымсыз іздестіру жұмыстарын жүргізді. Осының нәтижесінде хабар-ошарсыз кеткен азамат үш жылдай уақыттан кейін Түркістан қаласында вокзал маңында жүрген жерінен табылды. Ол Қармақшы аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, інісіне тапсырылды. Белгілі болғандай, ол жүйке ауруымен сырқаттанады. Оған дейін де бірнеше мәрте үйінен кетіп қалған. Сұрастыру барысында, жоғалған ер адам осыған дейін Алматы қаласында шаруашылықта мал бағып күнін көргендігін айтқан», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Бұдан бұрын Қызылордада таңғы сағат 6-да үйден шығып, жоғалып кеткен бес жасар бала табылды.



Соңғы жаңалықтар