Қызылордада 20,6 мың адам коронавирус вакцинасын салдырды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 19 сәуірге дейін 20 646 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде қатерлі індетке қарсы екпе қабылдау ақпан айының алғашқы күнінен басталды.

Облыста барлығы 19 екпе кабинеті іске қосылған. Оның 8-і қалада, 11-і аудандарда қызмет көрсетеді. Бұдан бөлек, 4 көшпелі егу бригадасы жұмыс жасайды.

Иммундау шаралары жүргізіліп жатқан екпе кабинеттері тиісті температуралық режимі бар қажетті тоңазытқыш жабдығымен, термоконтейнермен толық қамтамасыз етілген.

«Нәтижесінде бүгінге дейін облыста 20 646 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Ал өткен тәулікте аталған тізімге 915 адам енгізілді. Барлығы авторизациялаудың бірыңғай тетігі арқылы «Денсаулық сақтаудың біріңғай ақпараттық жүйесіне» енгізілді. Екпе алған тұрғындар дәрігерлер бақылауында, денсаулығына қатысты шағымы жоқ», - деп мәлім етті Қызылорда облысы ішкі саясат басқармасынан.

Еске салсақ, Қызылордада медицина қызметкерлері арасында COVID-19 жұқтыру көрсеткіші азайды.


Соңғы жаңалықтар