+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

Қызылордада 18 мамырдан бастап базарлар ашылады

2020 жылғы 18 мамыр 00:16
Бөлісіңіз:
Қызылордада 18 мамырдан бастап базарлар ашылады

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 18 мамырдан бастап азық-түлік емес тауарлар сататын дүкендер мен базарлардың жұмыс істеуіне рұқсат етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облысы бойынша 18 мамырдан бастап карантиннің кейбір мәселелеріне өзгертулер мен толықтырулар енеді. Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова мәлімдеді.

«Бүгінгі эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, кезең-кезеңімен салалар мен мекемелерді жұмысқа қосудамыз. Дегенмен қызмет барысында санитарлық-дезинфекциялық шаралары қатаң сақталып, жұмыс барысы шектеулі уақытқа ғана рұқсат етіледі.

Төртінші кезеңге, яғни 18 мамырдан бастап қосымша нысандар қосылды. Олар ломбардтар, азық-түлік емес тауарлар сататын дүкендер, базарлар, қоғамдық тамақтану орындары, қонақ үйлер. Сонымен қатар, туристік, авиа, теміржол кассалары, діни құлшылық жасау орындары да іске қосылады», - деді Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT