Қызылордада 1 мың адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада бүгінге дейін коронавирус инфекциясына қарсы 1000 адам вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірге ақпан айының басында «Спутник V» ресейлік вакцинасының 1000 дозасы жеткізілді. Бұл жұмыстарға қазір №1, №3 және №6 қалалық емханаларда 3 егу кабинеттері дайындалған. Екпе жұмыстарын жүргізуге облыс бойынша барлығы 133 мейірбике, 89 дублер тартылған.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, алғашқы 15 күнде облыста 815 адам вакцина салдырған. Одан кейін олардың қатарын тағы 185 адам толықтырған.

Екпе салдырғандардың басым бөлігі медицина қызметкері болса, қалғаны – екпе салдыруға ниет білдірген тұрғындар.

Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын Қызылордада модульді инфекциялық аурухана сәуірде пайдалануға берілетіні хабарланды.



Соңғы жаңалықтар