Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы тағайындалды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облысы әкімінің өкімімен аталған қызметке Қалдарбеков Мұса Оспанұлы тағайындалды.

Қалдарбеков Мұса 1972 жылы дүниеге келген. Алматы технологиялық институты, Алматы технология және бизнес университетін бітірген.

Еңбек жолын Кентау қаласындағы тігін фабрикасының жұмысшысы ретінде бастаған.

1991-1997 жылдары – Жаңақорған өндірістік комбинатының жұмысшысы, «Кереге» кіші мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары.

1997-2011 жылдары Алматы қаласының салық органдарында жауапты басшылық қызметтер атқарған. Ал 2011-2019 жылдары – Батыс Қазақстан облысы бойынша салық департаменті бастығының орынбасары, Қызылорда, Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болған.

2019 жылдың қыркүйек айынан бастап осы уақытқа дейін Қармақшы ауданының әкімі қызметін атқарды.

Еске салсақ. бұдан бұрын Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасына жаңа басшы тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар