Қызылорда облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы тағайындалды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімінің өкімімен аталған қызметке Жаңабаев Ерлан Мақсотұлы келді.

Ерлан Жаңабаев 1983 жылы дүниеге келген. Атырау мемлекеттік мұнай және газ институтын «инженер-экономист», Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы басқару Академиясын «Мемлекеттік цифрлық басқару» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы Атырау облысының әкімдігінде бас маман болып бастап, 2007-2011 жылдары Атырау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде бірнеше бөлімді басқарған. Сондай-ақ, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

2011-2015 жылдары – Атырау облысы Махамбет ауданы әкімінің орынбасары, аудан әкімі болған.

2017-2018 жылдары Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары;

2018 жылдың маусым айынан Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарып келді.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына жаңа басшы тағайындалды .


Соңғы жаңалықтар