+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

Қызылорда облысында жыл басынан 1,4 мың адам коронавирус жұқтырды

2021 жылғы 20 сәуір 19:21
Бөлісіңіз:
Қызылорда облысында жыл басынан 1,4 мың адам коронавирус жұқтырды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жыл басынан бері 1451 адам коронавирус жұқтырды. Олардың 799-і сәуір айында тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда вакцинаның екі дозасын алған 44 адам коронавирус жұқтырған Вакцинаның І және ІІ компонентін шатастырып алған: Қауіп бар ма Қазақстан өңірлерінде вакцинаның қанша дозасы бар

Жалпы, пандемия басталғалы өңірде 4843 адам коронавирус құрығына ілікті. Олардың 55% ауру симптомымен, 45% клиникалық белгілерсіз анықталған.

Жыл басынан бері 1451 жағдай анықталса, соның басым көпшілігі сәуір айының 19 күнінде тіркеліп отыр. Ол 799 адамды құрайды. Облыс бойынша тіркелген барлық науқастың 61% (2950 адам) Қызылорда қаласының үлесіне тиеді. Ал аудандар бойынша Аралда - 110 жағдай, Қазалыда - 97, Қармакшыда - 164, Жалағашта - 115, Сырдарияда - 193, Шиеліде - 295, Жаңақорғанда - 375 жағдай есепке алынған.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 45 жағдайы тіркелді. Оның ішінде Қызылорда қаласында - 27, Шиеліде - 4, Қазалыда - 1, Жаңақорғанда -1, Қармақшыда - 2, Аралда - 3 және Сырдарияда - 7 жағдай есепке алынды.

«Бүгінде барлық ауру ошақтарына залалсыздандыру жұмыстарын жүргіздік. Науқастармен қарым-қатынаста болған 217 адамды жергілікті емдеу-сауықтыру мекемелерімен 14 күнге медициналық бақылауға алдық. Жалпы, барлығыңызға белгілі, ковид ауа-тамшы жолдары арқылы таралатындықтан вирустың адамға әсер ету жылдамдығы өте жоғары. Сондықтан баршаңыздан ойын-сауық, отбасылық, естелік іс-шараларын өткізуді кейінге қалдыруды сұраймыз. Індетті өз қолымызбен өршітпейік», – деді облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.

Бүгінгі күнге дейін 20 644 адам коронавирусқа қарсы «Спутник-V» вакцинасының 1-компонентін қабылдаса, 2-компоненті 4705 адамға салынған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT