Қызылорда облысында жаңадан салынып жатқан ғимарат опырылып құлады

None
None
ЖАЛАҒАШ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында Жалағаш ауданының орталығында салынып жатқан бір қабатты ғимарат құлап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 22 қыркүйек күні, сағат 19.50-де болған. Ғимарат құрылысы биылғы шілде айында басталған болатын.

Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының «Жұмылдыру және шұғыл жұмыстар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің хабарлауынша, салынып жатқан бір қабатты ғимарат белгісіз себептерден толықтай құлаған. Оның жалпы көлемі 299 шаршы метрді құрайды.

«Оқиға салдарынан ғимарат маңайында тұрған 3 автокөлікке материалдық зиян келген. Адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ. Ғимараттың құлау себептерін анықтау жұмыстары жүргізілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының «Жұмылдыру және шұғыл жұмыстар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандары.



Соңғы жаңалықтар