Қызылорда облысында үйде оқшаулану тәртібін бұған 1,3 мың адам анықталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жыл басынан бері үйде оқшаулану тәртібін сақтамаған 150 адам анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыста «Ashyq» жүйесі арқылы карантин талабын бұзушылар дер кезінде анықталуда. Бұл коронавирусқа байланысты қауіптің алдын алуға өз септігін тигізіп келеді.

Жыл басынан бері аталған жүйе арқылы оқшаулану тәртібін сақтамаған 150 адам анықталды. Олардың 135-інде «қызыл», 15-інде «сары» мәртебе болған.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабына сәйкес карантин талабын бұзған 7 адамға 300 мыңнан теңгеден астам айыппұл салынды. Ал науқастармен қарым-қатынаста болған 11 адамға оқшаулану тәртібін сақтау туралы қаулы шығарылды.

«Карантин талабын бұзу деректері қоғамдық тамақтану, сауда объектілерінде, сондай-ақ теміржол вокзалы мен әуежай жолаушыларынан көптеп анықталуда. Дегенмен кейінгі уақытта індетке шалдыққан науқастар және олармен байланыста болған адамдар арасында оқшаулану тәртібін бұзу жағдайлары азаюда», - деді облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

Ведомство мәліметінше, жүйе іске қосылғаннан бері «қызыл» және «сары» мәртебемен 1 308 тұлға карантиндік оқшаулану тәртібін бұзған. Олардың ішінде ПТР-дің оң нәтижесімен 877 науқас және байланыста болған 435 адам бар.

Еске салсақ, Қызылорда облысында жыл басынан бері 4531 адам коронавирус жұқтырды.


Соңғы жаңалықтар