20:04, 09 Қаңтар 2020 | GMT +6
Қызылорда облысында тас жолда көлік өртеніп кетті
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Шиелі ауданы Тартоғай елді мекені тұсындағы «Шымкент-Самара» тас жолының бойында «Chevrolet Lacetti» жеңіл автокөлігі жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Автокөлік Ресейден Өзбекстанға бағыт алып бара жатқан. Оқиға орнына Тартоғай өрт сөндіру бекетінің 4 маманы өрт сөндіру көлігімен дереу жетті.
«Өрт сөндірушілер жылдам әрекет етіп, нақты іс-қимыл атқарды. Нәтижесінде өрт оқшауланып, 19 сағат 59 минутта толығымен сөндірілді. Өрт салдарынан зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ», - деп мәлім етті Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінің баспасөз маманы Әлия Ережепова