Қызылорда облысында полиция тоқтатқан көліктен гранатаға ұқсас жарылғыш зат табылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында көлік ішінен гранатаға ұқсас жарылғыш зат табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері өңірде «Заңсыз тасымалдаушы» жедел сауықтыру шарасын өткізіп жатыр.

«Аталған шара барысында «Самара-Шымкент» тасжолының бойында күдіктік көлік тоқтатылды. Тексеру барысында көліктің жүксалғышындағы сөмкенің ішінен пакетке оралған гранатаға ұқсас жарылғыш зат табылды. Ал жүргізуші орындығының астынан 2 дана газет қиындысына оралған өзіне тән ерекше иісі бар шөп ұнтағы анықталды. Сараптамаға сәйкес, шөп ұнтақтарының кептірілген марихуана екендігі белгілі болды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, аталған дерек негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүріп жатыр.

Онда қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру тәртібі көрсетілген.

Еске салсақ, осыған дейін Қызылордада жылқыға соғылған көлік жүргізушісі көз жұмғаны хабарланды.



Соңғы жаңалықтар