Қызылорда облысында өткен тәулікте 4 адам коронавирус жұқтырған

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада коронавирус инфекциясына байланысты ақылы негізде сынама тапсырған 46 жастағы ер адамның қатерлі індет жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соңғы тәулікте Қызылорда облысында ауру белгісі бар коронавирус инфекциясын жұқтырудың 4 жағдайы тіркелді. Олардың 2-уі Қызылорда қаласында тұрса, 2 дерегі Жаңақорған ауданында тіркелді. Науқастар 1994, 1981, 1971 жылы дүниеге келген әйел, 1974 жылғы туған ер адам.

«ПТР анализдері 3 адамнан ауру жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болуына байланысты алынған. Ал 1 адам өздігінен ақылы негізде сынама тапсырған. Зерттеу қорытындысы науқастардың коронавирус инфекциясын жұқтырғанын көрсетті. Қазір пациенттер ауруханаға оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр. Ауру ошақтарында мамандар індетке қарсы іс-шаралар ұйымдастырып, қарым-қатынаста болғандар анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облысының тауарлар мен көретілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті.

Қазір Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 456 адам тіркелген.

Оның ішінде Аралда - 49, Қазалыда - 7, Сырдарияда - 27, Шиеліде - 74, Жаңақорғанда - 51, Қармақшыда - 7 және Қызылорда қаласында - 241 адам. Емделіп шыққандар саны - 281 адам.


Соңғы жаңалықтар