Қызылорда облысында отбасының әлеуметтік картасын енгізу мәселесі талқыланды

None
None
Нұр-Сұлтан. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитеті Қызылорда облысында «Отбасының әлеуметтік картасын енгізу барысы туралы» көшпелі отырыс өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жобаның маңыздылығы ол мемлекеттік органдар ұсынатын автоматтандырылған деректер негізінде отбасының нақты мәртебесін айқындауға мүмкіндік береді. Одан әрі өмірлік қиын жағдайда қалған отбасыларға әлеуметтік көмек пен жұмыс жайын ұйымдастыру үшін пайдаланылады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е. Әукеновтің баяндамасынан кейін көшпелі отырысқа қатысушылар Қазақстанда отбасының әлеуметтік картасын енгізу мүмкіндіктерін талқылап, әлеуметтік қызмет пен көмек көрсетудің біріктірілген моделін дамыту жолдарын қарастырды.

Отырыс барысында айтылғандай, қазіргі уақытта аймақтарда жекелеген азаматтар емес, түгел отбасы мәселесін қарастыратын «Отбасының әлеуметтік картасы» жобасы жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жайы да назардан тыс қалмады. Осы ретте депутаттар мұқтаждарға әлеуметтік көмек тетіктерін жетілдіру туралы ұсыныс айтылды.

Отырысты аталған комитет төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова қорытындылады.

Отырысқа Мәжіліс депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы орган басшылары, қоғамдық бірлестік өкілдері мен тұрғындар қатысты.

Соңғы жаңалықтар