Қызылорда облысында коронавирус жұқтырғандардың көпшілігі қалада тұрады

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында биыл қатерлі індетке шалдыққан тұрғындардың басым бөлігі қарым-қатынас арқылы коронавирус жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл жыл басынан бері коронавирус инфекциясына шалдыққан 367 адам тіркелді. Олардың жалпы саны 3759 адамға жетті. Науқастардың басым бөлігі Қызылорда қаласының үлесіне тиеді. Тіркелген жағдайдың 7,6 пайызын 14 жасқа дейінгі балалар құрайды. Облыста қатерлі індет шыққан ошақтарда қорытынды залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Індетке қарсы профилактикалық шаралар ұйымдастырылды. «Науқастармен қарым-қатынаста болғандар 14 күнге дәрігерлердің медициналық бақылауына алынған.

Соңғы тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 17 дерегі тіркелген. Олардың 10-ы Қызылорда қаласында, 5-і Шиеліде анықталса, Жаңақорған мен Жалағаш аудандарында ол бір-бір адамнан құрады. Бес адамда дене қызуының көтерілуі, ентігу, дәм мен иіс сезудің жоғалуы секілді клиникалық белгісі байқалған. Қалғанынла симптомсыз екені анықталды», - деп мәлім етті Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

Ведомство мәліметінше, науқастармен қарым-қатынаста болған 52 адам медициналық бақылауға алынған. Профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын Қызылордада карантин кезінде тегін тамақ таратып, көп адам жинаған дәмхана анықталғанын хабарлаған едік.



Соңғы жаңалықтар