+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Қызылорда облысында карантин талаптары күшейтілді

2021 жылғы 7 мамыр 01:11
Бөлісіңіз:
Қызылорда облысында карантин талаптары күшейтілді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 6 мамырда жаңа қаулысы күшіне енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда карантин талаптары жеңілдейді Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды Алматыда коронавирус жұқтырғанына қарамастан кинотеатрға барған қыз айыппұл төлейді

Жаңа қаулыда бірқатар өзгерістер көрсетілген.

Мәселен, міндеттерін қашықтықтан орындау мүмкін емес жұмыскерлерді қоспағанда, коронавирусқа қарсы вакцинацияланбаған және соңғы 6 ай ішінде аталған дертпен ауырмаған қызметкерлер қашықтықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылады.

«Ал қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысы төмендегі талаптар негізінде жүргізіледі. Атап айтқанда, үй-жайда орналасқан мейрамханалар, дәмханалар, кофехана орналасқан орнына қарамастан, ғимараттардың ішінде толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 30 орыннан аспайтын жұмыс кестесін сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жүргізе алады. Ал ашық ауада (жаздық зал) отыратын орын саны 30-дан аспайтын шарттарды сақтаған жағдайда, бір үстелде 4-6 адамнан аспайтын отыру мен көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау талап етіледі. Оларға тамақты жеткізу және шығару қызметін қоспағанда жұмыс кестесін сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жүргізу назарда ұсталады. Асханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысы 24.00-ге дейін ұйымдастырылады», - деп мәлім етті Қызылорда облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

Ведомствоның хабаралуынша, ұжымдық, салтанатты, отбасылық, еске алу (ауыз ашар, банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т.б) және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге қатаң тыйым салынады.

Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова аймақ тұрғындарына вакцинаға байланысты үндеу жариялаған болатын.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT