Қызылорда облысында екі сәби ыстық сорпаға күйіп қалды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қармақшы ауданында екі жасар екі сәбиді термиялық күйік шалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиғалардың екеуі де 6 сәуір күні аудан орталығы – Жосалы кентінде болған. Екі отбасында да нәрестелер ыстық сорпаға күйіп қалған. Салдарынан қос сәби екінші дәрежелі күйік жарақатын алды. Балалар ауруханада ем қабылдауда.

«Қазіргі таңда балалар дәрігерлердің бақылауында. Жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Ата-аналардан балаларын көзден таса етпеуін сұраймыз», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.


Соңғы жаңалықтар