Қызылорда облысында «БЖК-2020» бағдарламасын іске асыруға 1,6 млрд. теңге бөлінді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат  - Кәсіпкерлерді қолдау және оларды одан әрі дамыту үшін мемлекет біршама бағдарламаларды қабылдап, кәсіпкерлерге жетіспейтін инфрақұрылым жүйелерін жеткізу, бизнесті жүргізуге сан алуан субсидияларды төлеу мен шағын бизнеске микрокредиттер беру үшін республикалық бюджеттен жыл сайын қаражаттар қарастырылуда. 

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында өткен брифингте облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азамат Досжанов осылай мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат  ХАА тілшісі. 

А. Досжановтың айтуынша, аталған қолдау шараларының нәтижесінде аймақтағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму көрсеткіштері оң серпінге ие. Атап айтқанда, облысымызда 47 мыңнан аса шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген. 

2016 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша аталған салада 81 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылып, 158,4 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. 

   - Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту, елімізде инвестициялық климатты нығайту, жаппай кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіру керегі, соның ішінде отбасылық кәсіпкерлікті дамыту бағытында кешенді шаралар жүргізуге  басымдық беріліп отыр. Бұл тұрғыда өңірде дамыған елдердің озық стандарттары мен тәжірибесін енгізу арқылы жүйелі жұмыстардың қолға алынуы қажеттігі нақтыланды. Биылғы жылдан бастап Елбасының тапсырмасымен Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы іске асырылмақ, - дейді басқармасы басшысының міндетін атқарушы. 

    Өткен жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру үшін республикалық бюджеттен 1,6 млрд. теңге бөлінді. Жалпы бағдарлама шеңберінде 2016  жылы жалпы несие қоржыны 29,1 млрд. теңгені құрайтын 401 жоба субсидияланды, сондай-ақ шағын және орта бизнестің 48 субъектісі жалпы құны 850 млн. теңгеге кепілдік ұсынылды.

     Сонымен бірге, жалпы құны 19 млн. теңгені құрайтын қайтарымсыз грант қаражаттары 21 микробизнес субъектілеріне табысталса, микронесиелеу компоненті аясында жалпы құны 200 млн. теңге құрайтын 48 жоба қаржыландырылды. Нәтижесінде бағдарлама шеңберінде 1 048 жұмыс орны сақталып, 827 адам жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді.

Соңғы жаңалықтар