Қызылорда облысында бір жасқа дейінгі сәбилердің коронавирус жұқтыруы алаңдатып отыр

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында бір жасқа дейінгі сәбилердің коронавирус жұқтыру жағдайы аалңдатып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір облыста коронавирус инфекциясын жұқтырушылар саны азаймай отыр. Соның салдарынан «сары» аймаққа енді .

Сәуір айының алғашқы аптасында 201 жағдай тіркелді. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш төмендемесе карантин талаптары күшейтіледі.

«Бізді 1 жасқа дейінгі сәбилер мен мектеп жасындағы балалардың ауру жұқтыруы алаңдатуда. Аудандарда да жағдай күрделеніп барады. Бұл - сақтық шарасына салғырттық танытудың салдары. Осылай жалғаса берсе карантин талаптарын күшейтуге мәжбүр боламыз», – деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.

Бүгінде мониторинг топтары карантин талабының сақталуын қадағалау мақсатында күн сайын тексеріс жүргізіп жатыр.

Аталмыш жұмыс аясында мыңнан аса нысан мен үйлер араланып, карантин бұзғандарға әкімшілік шара қолданылуда.

Соңғы жаңалықтар