Қызылорда облысында 8,2 мың адам Pfizer вакцинасын салдырды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы бойынша 8 210 адам «Pfizer» вакцинасын салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек, өңірге аталған вакцинаның 11 700 дозасы жеткізілген.

Профилактикалық егу жұмыстарын жүргізу алдында медицина қызметкері екпе салдыратын адамды толық тексерістен өткізеді. Тұрғындардан вакцина алғаннан кейінгі жанама әсерлер туралы шағым түспеген.

«7 желтоқсандағы мәлімет бойынша өңірде 8 210 адам аталған вакцинаны алды. Оның ішінде 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер саны - 6672, жүкті әйелдер саны - 566, лактация кезеңіндегі әйелдер саны - 972 адам», - деді облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.

Жалпы, «Pfizer» вакцинасын 12 жастан асқан жасөспірімдер, жүктіліктің 16-37 аптасы аралығындағы әйелдер, лактация кезеңіндегі әйелдер, яғни босанғаннан кейін 42 күннен 2 жасқа дейінгі кезеңдегі әйелдер салдыра алады.


Соңғы жаңалықтар