Қызылорда облысында 77 мың адам коронавирусқа қарсы вакцина алды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 77 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірге 78 600 доза вакцина жеткізілген болатын. Оның ішінде тұрғындар «Спутник V», «QazVac» және «Hayat-Vax» вакциналарын қабылдауға ниет білдірді.

Екпе қабылдаған азаматтар қатарында мұғалімдер, медицина қызметкерлері, полицейлер, құқық қорғау қызметкерлері және басқа да тұрғындар бар. Жалпы алғанда, облыста 77202 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.

«Айта кетерлігі, екпе қабылдаған азаматтар дәрігерлер бақылауында, денсаулық жағдайына шағымы жоқ», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Денсаулық сақтау басқармасынан.

Қызылордада емдеу орындары коронавирусқа қарсы вакцинаны аптасына жеті күн бойы салады. Бұл жұмыстар 29 сәуірден бастап жүргізілуде. Тұрғындар таңғы сағат 08.00-ден түнгі сағат 00.00-ге дейін екпе ала алады.


Соңғы жаңалықтар