Қызылорда облысында 71 жүргізуші рульге мас күйде отырған

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жыл басынан бері ішімдік ішіп көлік басқарған 71 жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде соңғы екі күнде барлығы 800-ге жуық құқық бұзушылық анықталды. Қауіпсіздік белдігін тақпаған, жалған мемлекеттік белгі таққан жүргізушілер жауапқа тартылып жатыр. Жалпы жыл басынан ішімдік ішіп, көлік басқарған 71 жүргізуші тіркелді.

«4 ақпанда таңғы сағат 06:30 шамасында полиция қызметкерлері қала аумағында «Volkswagen Passat» маркалы автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғандығы және ағымдағы жылдың 30 қаңтарында сот шешімімен көлік құралын басқару құқығынан айырылғандығы анықталды. Тәртіп бұзған жүргізуші Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен, яғни көлік құралын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар