+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Қызылорда облысында 63401 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

2021 жылғы 7 мамыр 15:21
Бөлісіңіз:
Қызылорда облысында 63401 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 63401 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
БҚО-да маусым айында 1300-ден астам адам коронавирус жұқтырған Батыс Қазақстанға 62 мыңнан астам доза ресейлік вакцина жеткізілді Махамбет Досмұхамбетов Атырау облысында қанша адам вакцина алғанын айтты

Өңірге 76300 доза вакцина жеткізілген болатын. Оның ішінде тұрғындар «Спутник V», «QazVac» және «Hayat-Vax» вакциналарын қабылдауға ниет білдірді.

Өткен тәулікте 6322 адам екпе қабылдаған азаматтар тізіміне енгізілді. Олардың қатарында мұғалімдер, медицина қызметкерлері, полицейлер, құқық қорғау қызметкерлері және басқа да тұрғындар бар. Жалпы алғанда, облыста 63401 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.

«Айта кетерлігі, екпе қабылдаған азаматтардың 28084-і облыс орталығында тұрса, 35317-і аудандардың үлесіне тиеді. Екпе алған тұрғындар дәрігерлер бақылауында, денсаулық жағдайына шағымы жоқ», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Қызылордада емдеу орындары коронавирусқа қарсы вакцинаны аптасына жеті күн бойы салады. Бұл жұмыстар 29 сәуірден бастап жүргізілуде.

Тұрғындар таңғы сағат 08.00-ден түнгі сағат 00.00-ге дейін вакцина салдыра алады. Коронавирус инфекциясына қарсы екпе салдыру халыққа енді кез келген уақытта қолжетімді болмақ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT