Қызылорда облысында 57 жастағы ауыл тұрғыны із-түзсіз жоғалып кетті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының полиция департаменті із-түзсіз кеткен тұрғынға іздеу салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жоғалған адам жайлы ақпарат полиция департаментінің Instagram парақшасында жарияланды.

23 шілде күні сағат 06:00 шамасында Қызылорда облысы Сырдария ауданы Амангелді ауылының 57 жастағы тұрғыны үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, хабар-ошарсыз жоғалған.

1964 жылы туған Нұркамал Әбдікәрімұлы Ибадуллаев - Қызылорда облысы Сырдария ауданының тумасы.

Ерекше белгілері: шашы сарғыш, бойы - 170-175 см, арық денелі, астыңғы және төменгі екі тісі жартылай сынған.

«Жоғалған азамат жөнінде қандай да бір ақпарат анықталған жағдайда Қызылорда облысы полиция департаментінің кезекші бөлімі 29-70-10 телефонына немесе 102 арнасына шұғыл түрде хабарласуды сұраймыз» деп ескертеді полициядан.


Соңғы жаңалықтар