Қызылорда облысында 4 жастағы сәби коронавирус жұқтырды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 4 жастағы сәби коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды қазАқпарат тілшісі.

Соңғы тәулікте Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 31 адам тіркелді.

Олардың 11-і ‒ Қызылорда қаласында тұрса, 17-і ‒ Арал, 3-і ‒Жаңақорған аудандарының тұрғындары.

«Олардың арасында ең үлкені -1939 жылғы әйел болса, ең кішісі - 2016 жылы туған қыз бала. ПТР анализі 28 адамнан ауру жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болуына байланысты алынған. Ал 2 адамнан ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес скринингтеу кезінде табылса, 1 адамнан Атырау қаласынан келуіне байланысты тексеруден өткізілді. Зерттеу қорытындысы науқастардың коронавирус инфекциясын жұқтырғанын көрсетті. Қазіргі таңда пациенттер ауруханаға оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр. Ауру ошақтарында мамандар індетке қарсы іс-шаралар ұйымдастырып, қарым-қатынаста болғандар анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық тауарлар, қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 402 адам тіркелген.

Олардың арасынан 245 адам сырқатынан жазылып шықты.

Сондай-ақ, бүгіннен бастап Қызылорда облысында карантин талаптары жеңілдетілді.


Соңғы жаңалықтар