+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

Қызылорда облысында 3 мыңнан астам нысан «Ashyq» жүйесімен жұмыс істеп тұр

2021 жылғы 17 қыркүйек 15:56
Бөлісіңіз:
Қызылорда облысында 3 мыңнан астам нысан «Ashyq» жүйесімен жұмыс істеп тұр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қызылорда облысы аумағында 3444 нысан «Ashyq» жүйесіне қосылған. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Балжан Шәменова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада биыл өңірге 186 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды Қостанайда коронавирус жұқтыру көрсеткіші 8,4% артты Батыс Қазақстанда казан айында 1 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған

«Облыс көлемінде ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 тамыздағы №37 қаулысында көрсетілген нысандардың 33 түрі бойынша бүгінде 3444 кәсіпкерлік нысан «Ashyq» жүйесіне қосылып, жұмысын жалғастырып жатыр. Сондай-ақ, арнайы мониторингтік топ «Ashyq» жүйесімен жұмыс істейтін 2617 нысанның қызметін тексерді. Аталған жүйемен жұмыс істейтін нысандардан «қызыл» және «сары» мәртебесіне қарамастан карантин талабын бұзды деген 1054 хабарлама келіп түсті. Осы орайда 108 жеке тұлғаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, 4 725 540 теңге көлемінде айыппұл салынды», - деді Б. Шәменова ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, әкім орынбасары облыстағы мониторингтік топ жұмысы туралы сөз қозғады.

«Жыл басынан бері карантин талаптарының сақталуы барысын бақылау мақсатында мониторингтік топ өкілдері 14 040 нысанға 4 391 рейд жүргізді. Нәтижесінде 772 карантин талаптарын бұзу фактісі анықталып, жауаптыларға жалпы сомасы 50 606 069 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Оның қатарында 1 заңды тұлға, 42 жеке кәсіпкер, 8 лауазымдық тұлға, 230 жеке тұлға және 491 отбасылық іс-шара өткізуге қатысты», - дейді ол.

Оның айтуынша, карантин талаптарын бұзған нысандар бойынша 3 материал сотқа жолданған.

Бұған дейін аталған облыста оқу жылы басталғалы 200-ден астам оқушының коронавирус жұқтырғаны айтылды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT