Қызылорда облысында 26 адам коронавирус індетін жұқтырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова өңірдегі коронавирус індетін жұқтырған науқастардың жай-күйін баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта облыс бойынша инфекция жұқтырғандар саны 26-ға жетті. Оның ішінде Қызылорда қаласында - 6, Жаңақорған ауданында - 16, Қармақшы ауданында - 2, Шиелі ауданында 2 оқиға тіркелген. Қазіргі уақытта Қызылорда, Жаңақорған аудандары карантинге жабылды», - деді облыс әкімі «Хабар 24» телеарнасындағы мәлімдемесінде.

Оның айтуынша, індеттің алдын алу шаралары толық жүргізіліп жатыр.

«Ең алдымен, адамдар мен барлық көлік түрлерінің қозғалысы шектелді. Барлық науқастар инфекциялық ауруханаға жатқызылды. Вирус тасымалдаушылармен байланыста болған адамдар анықталып, бақылауға алынып жатыр», - деді Г. Әбдіқалықова.


Соңғы жаңалықтар