Қызылорда облысында 21 жастағы тұрғынның коронавирусты қайдан жұқтырғаны анықталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында бүгін коронавирус дертімен анықталған тұрғынның оны қайдан жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шиелі ауданында тұратын науқас 1999 жылы дүниеге келген. Ол коронавирус жұқтырған Түркістан облысының тұрғынымен «Петропавл-Қызылорда» пойызында бір вагонда болған. Нәтижесінде шұғыл карантиндік стационарға оқшауланып, зертханалық зерттеулерге сынамалар алынған болатын. Одан анализ оң нәтиже көрсетті. Науқас Шиелі ауданаралық ауруханың жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды.

«Аталған жағдай бүгінгі күнге дейінгі облыста тіркелген 25 науқаспен байланысы анықталмаған, сырттан тасымалданған дерек ретінде тіркелді. Науқаспен тығыз қарым-қатынаста болған тағы 3 адам анықталып, олар карантиндік стационарға жатқызылды. Бүгінгі жағдай бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясы бойынша қолайсыз елдерден келген 184адам мониторинг бақылауға алынды. Оның ішінде 1а санатындағы елдерден келгені - 20 адам, 1б санатындағы елдерден келгені - 164 адам бар. Мониторингкіге алынған азаматтар арасында 12 адам карантиндік стационарларда медициналық бақылауда», - деп мәлім етті облыстық тауарлар, қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Айман Жанахаева.

Бүінгі таңда Қызылорда облысында 26 адам коронавирус індетін жұқтырды.


Соңғы жаңалықтар