Қызылорда облысында 100 мың тонна минералды тыңайтқыш өндіретін зауыт салу жоспарлануда

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында жылына 100 мың тонна кешенді минералдық тыңайтқыштар өндіретін зауыт құрылысын бастау жоспарланып отыр, - деп Хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі аудандық әкімдікке сілтеме жасап.

Зауыт іске қосылғанда аймақтың егін шаруашылығының одан әрі дамуына септігін тигізетіні сөзсіз.

Себебі, құрамында өсімдіктің өсуіне қажетті бейорганикалық заттары бар минералды тыңайтқыштар топырақтың құнарлығын арттырып, ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол өнім алуға жағдай жасайтыны белгілі.
Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары Ғалымжан Сопбековтің айтуынша зауыт «СКЗ-U» ЖШС жанынан ашылады. Жобаның бизнес жоспары дайын. Зауытты алматылық компаниялар жүзеге асырады. 

Соңғы жаңалықтар