+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Қызылорда облысын су басу қаупі бар ма - министрлік жауабы

2019 жылғы 5 желтоқсан 19:13
Бөлісіңіз:
Қызылорда облысын су басу қаупі бар ма - министрлік жауабы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қызылорда облысының елдімекендерін су басу қаупі жоқ. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта республика бойынша өзендерде мұз қатып жатыр. Сырдария трансшекаралық өзен және оның ерекшелігі – оңтүстіктен солтүстікке қарай ағады. Мұздың қатуы Арал теңізі жақтан басталады. Бұл, жыл сайын қайталанатын табиғи құбылыс. Биыл қараша айының соңында Қармақшы ауданы, Жосалы кенті жанындағы өзенде шамамен 20-25% қабыршақ мұз қатты және Балтық жүйесі бойынша су деңгейі 98,46 метр болды. Желтоқсан айының басында жылыну салдарынан қабыршақ мұз қату процесі төмендеп, 5% құрады», - деді министрліктің Су ресурстары комитетінің төрағасы Арман Тұрлыбек бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, мұз қату Қызылорда қаласынан 300 км және Жосалы кентінен 5 км жерлерде байқалады.

«Тұтынудың жоқтығынан осы аймақта су шығыны секундына 280 текше метрге дейін өсті. Тиісінше, өзендегі су деңгейі 99,89 метрге көтерілді. Мұның бәрі ұзақ мерзімді орташа статистикаға, мұздың пайда болу процестеріне сәйкес келеді. Біз Төтенше жағдайлар комитеті және облыс әкімдігімен бірлесіп, тұрақты бақылау жүргізіп отырмыз. Қызылорда облысындағы елдімекендерді су басу қаупі жоқ», - деді Арман Тұрлыбек.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT