+7 (701) 759 90 19
USD 399.51 EUR 447.33
RUB 5.78 CNY 56.10
Jańalyqtar

Қызылорда облысы: Жол бойында көліктердің мал қағуы жиілеген

2020 жылғы 22 мамыр 17:06
Бөлісіңіз:
Қызылорда облысы: Жол бойында көліктердің мал қағуы жиілеген

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысындағы республикалық маңызы бар «Шымкент-Самара» тас жолының бойында автокөліктердің мал қағу жағдайы жиі кездеседі. Былтыр тіркелген 8 оқиғада көлікте келе жатқан 2 адам мерт болып, 13 адам түрлі дене жарақатын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осыған байланысты қызылордалық полицейлер мал иелеріне көлік қозғалысына кедергі келтіретін үй жануарларына жарық шағылыстыратын алқа тағуға кеңес беріп отыр. Жалпы, төрт түліктің жол бойында қараусыз жайылып жүруі көп кездеседі. Ол көлік қозғалысына кедергі келтіреді. Әсіресе, көктемгі уақытта үй жануарларын бағу ережелері сақтала бермейді. Соның салдарынан қараусыз малдардың жолға шығу деректері жиі орын алады.

«Қараңғы мезгілде малды жол маңында жаюға, қараусыз қалдыруға тыйым салынған. Алайда, бұл талаптар мал иелері тарапынан тиісті деңгейде орындалмайды. Автомобиль жолында малдардың қараусыз жайылып, жолға шығу салдарынан орын алып жатқан жол-көлік оқиғалары алаңдатады. Жарық шағылыстыратын алқа тағудың маңызы зор. Ол жол апатының алдын алу, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіз жүруіне әсерін тигізеді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Қызылордада 254 келі балықты заңсыз аулаған тұрғын ұсталғандығын мәлім еткен болатынбыз.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT