+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Қызылорда облысы Шиелі ауданына жаңа әкім тағайындалды

2021 жылғы 17 шілде 13:25
Бөлісіңіз:
Қызылорда облысы Шиелі ауданына жаңа әкім тағайындалды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ИИДМ Индустриялық даму комитетіне жаңа басшы тағайындалды Ардақ Зебешев инвестиция комитетінің төрағасы болып тағайындалды СҚО-да екі басқармаға жаңа басшы тағайындалды

Облыс әкімінің өкімімен және ҚР Президентінің әкімшілігі мен Шиелі аудандық мәслихатының келісімімен аталған қызметке Нариман Әскербекұлы Мақұлбеков келді.

Нариман Әскербекұлы 1968 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1986 жылы Қызылорда қаласындағы автобазада слесарь ретінде бастаған.

1987-1994 жылдары Қарулы күш қатарында әскери борышын өтеп, жоғары оқу орнында студент болған.

1994-2017 жылдары құқық қорғау органдарында, соның ішінде Қызылорда қалалық прокуратурасының тергеуші стажерінен облыс прокурорының орынбасары, Бас прокуратураның департамент бастығына дейінгі қызмет сатысынан өткен.

2018-2020 жеке секторда «Jfc colos» ЖШС директорының кеңесшісі лауазымын атқарған.

2020 жылдан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT