Қызылорда облысы Қармақшы ауданының әкімі ауысты

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қармақшы ауданының әкімі тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімінің өкімімен және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі және Қармақшы аудандық мәслихатының келісімімен аталған қызметке Қайрат Ырзақұлұлы Нұртай келді.

Қайрат Нұртай 1982 жылы Қармақшы ауданы Жосалы кентінде дүниеге келген.

Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін инженер-механик, Дінмұхамед Қонаев атындағы университетін заңгер мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жетекші маманы болып бастап, 2005-2006 жылдары Энергетика және минералды ресурстар министрлігінде жауапты қызмет атқарған.

2006-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің аға, бас сарапшысы, консультанты, сектор меңгерушісі болды.

2014-2015 жылдары Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы. 2015-2019 жылдары Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысы Шиелі ауданына жаңа әкім тағайындалған еді.


Соңғы жаңалықтар