+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Қызылорда облысы экология департаментінің басшысы 11 жылға сотталды

2021 жылғы 17 қыркүйек 17:41
Бөлісіңіз:
Қызылорда облысы экология департаментінің басшысы 11 жылға сотталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тексеру қорытындысын бұрмалап жазғаны үшін 30 млн теңге пара алды деген күдікке ілінген Қызылорда облысы бойынша экология департаменті басшысының міндетін атқарушы 11 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Марат Ахметжанов: Бизнес саласында жемқорлыққа қарсы стандарттар енгізу қажет Атырауда күзет қызметі басқармасы бастығының орынбасары 7 жылға сотталды СҚО-да 26 меморган сатып алу бағасын 300 млн теңгеге негізсіз көтеріп жіберген

Antikor ақпарат алаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер бойынша тергеушісі Данияр Бегайдаров осы үкімнің мән-жайын түсіндірді.

«6 қыркүйекте Қызылорда қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен «Қызылорда облысы бойынша Экология департаменті» РММ басшысының міндетін атқарушы Т.Аптикаликов 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ қоғамдық қауіпсіздікті қорғау тобының жетекшісі С. Пазыловқа 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Т.Аптикаликов С.Пазылов арқылы серіктестіктің экологиялық заңнама талаптарын сақтауы тұрғысынан жүргізілген кешенді тексеру бойынша оң шешім шығарғаны үшін жеке компания директорынан 30 млн теңге сомасында пара алу күдігіне ілінген», - деді Данияр Бегайдаров.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT