+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 454.18
RUB 5.81 CNY 57.66
Jańalyqtar

Қызылорда облыстық Жұмылдыру дайындығы басқармасына жаңа басшы келді

2020 жылғы 22 мамыр 22:26
Бөлісіңіз:
Қызылорда облыстық Жұмылдыру дайындығы басқармасына жаңа басшы келді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының Жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облысы әкімінің өкімімен бұл қызметке Усаин Медет келді. Ол 1987 жылы дүниеге келген. Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін - «Көлік, көлік техникасы және технологиясы», Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы ретінде бастаған. 2012-2013 жылдары – облыстық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бас маманы, 2013-2016 жылдары облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары болды. 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап осы кезге дейін облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Еске салайық, биылғы сәуір айының соңында Қызылорда облысының әкімдігінде үш бірдей басқарманың басшысы ауысқан болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT