Қызылорда қаласында 3 мәдени нысан жөнделді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында 3 мәдени нысан жөндеуден өтті. Бұл игілікті іс «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы аясында жүзеге асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бағдарлама бойынша А.Тоқмағамбетов, М.Ералиева атындағы және қалаға қарасты Абай ауылдық мәдениет үйлері жөндеуден өтті. Аталған жұмысты «Құрылыс Бизнес және К» ЖШС толықтай атқарып шықты.

А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде бағдарлама аясында көрермендер залы мен сахна төсеніші толығымен ауыстырылды. Би залының шатыры жөнделді. Мәдениет үйінің жарамсыз есіктері ауыстырылып, қажетті орындықтар алынды.

Титов қыстағында орналасқан М.Ералиева атындағы мәдениет үйі де бағдарлама аясында жаңғыртудан өтті. Ғимараттың қасбеті жаңартылып, керамогранитпен қапталды. Сыртқы қабырғасына декоративті-әрлеу жүргізіліп, сыртқы есігі ауыстырылды. Киім ілетін орын пластикалық материалмен бөлініп жабдықталды. Жергілікті тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізу және салауатты өмір салтын ұстану мақсатында мәдениет үйі ішінен ашылған спорт секциясы өтетін орын оңтайландырылды.

Сонымен қатар, Қосшыңырау ауылдық округіндегі Абай ауылдық мәдениет үйінің төбесін жұмсақ жабынмен жабу жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, Қызылорда қаласындағы көптеген орындар көркейе түсті.


Соңғы жаңалықтар