+7 (701) 759 90 19
USD 419.87 EUR 508.04
RUB 5.7 CNY 65
Jańalyqtar

Қызылқайнар ауылына 70 жылдан кейін ауыз су тартылды – Жамбыл облысы

2021 жылғы 18 қаңтар 07:27
Бөлісіңіз:
Қызылқайнар ауылына 70 жылдан кейін ауыз су тартылды – Жамбыл облысы

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласына іргелес жатқан Жамбыл ауданына қарасты Қызылқайнар ауылына 70 жылдан кейін жаңа құбыр тартылып, орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылды. Осы уақыт аралығында елдімекен тұрғындары тау бөктерінен бұлақ сауын ішіп келген болатын,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жалпы, Жамбыл ауданында 42 елдімекен болса, оның 29-ына орталықтандырылған ауыз су жүйесі тартылған. Олардың қатары тағы да артып отыр. Нақтырақ айтсақ, 3000 тұрғыны бар Қызылқайнар ауылы ауыз суға қосылып, тұрғындардың қуанышы еселенді. Жоба – мемлекеттік «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылды. Бағдарлама аясында 740 млн 760 мың теңге бөлініп, 950 аулаға су жүйесі тартылған.

Қызылқайнарлықтар осы күнге дейін Кеңес тұсында тартылған тозығы жеткен құбырлар арқылы, тау суын пайдаланып келген болатын. Алайда, ескірген құбырлар келетін тау суының құрамы соңғы кезде өзгеріп, сапасы да төмендей бастаған.

«Туып өскен мекенін кім жаман десін. Ауылымыздағы су құбырларының тозығы жеткен болатын. Оның үстіне су қорыда жыл сайын төмендеп келеді. Ал, жаңа су мұнарасы біздің көптен күткен тілеуіміз еді. Араға 70 жыл салып, ауылішілік көшеге құбырлар тартылып, әр аулаға су тетіктері орналастырылды. Осы орайда ауылдағылардың тұрмысын жақсартуға үлес қосып жүрген барша басшыларға алғысымды білдіремін», – дейді ауылдың байырғы тұрғыны Кенжетай Құрманқұлов.

Аудан басшыларының сөзіне сүйенсек, өңірде ауыз су мәселесі «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Өңірлерді дамыту» бағдарламалары аясында жүйелі түрде шешімін тауып келеді. Ағымдағы жылы Шоқай ауылының ауыз су құбырының құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT