«Қызыл-Жар СК» бас жаттықтырушысы лауазымына басты үміткердің есімі белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Таяу уақытта Қазақстан чемпионатының бірінші лигасынан Қазақстан премьер-лигасына оралған петропавлдық «Қызыл-Жар СК» бас бапкері қызметіне молдовалық маман Вячеслав Руснак тағайындалуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сілтеме жасап.

Сәрсенбі күні 44 жастағы жаттықтырушы Қазақстанға келіп, ресми түрде жариялануы мүмкін.

Вячеслав Руснак 2004/2008 жылдары қарағандылық «Шахтер» командасында ойнаған (Қазақстан чемпионатының үздік дивизионында 118 матч өткізіп, 5 рет гол салған). Қазіргі «Қызыл-Жар СК» ФК басшысы Григорий Лория ол кездері кеншілер клубын басқарған болатын.

Айта кетейік, өткен маусымда петропавлдық клуб командасына өткен маусымда Әли Әлиев басшылық етті.

Соңғы жаңалықтар