Қызыл теңізде тұрып қалған танкер экологияға қауіп төндіреді

None
None
ЭР-РИЯД. НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сауд Арабиясы Қызыл теңіздегі ірі экологиялық апаттың алдын алу үшін шұғыл шаралар қабылдауға шақырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Сәрсенбіде БҰҰ жанындағы Сауд Арабиясының тұрақты өкілі Абдалла Әл-Муаллими БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне бес жылдан астам уақыт бұрын Қызыл теңіздегі йемендік Рас Исса мұнай терминалында тұрып қалған Safer танкерінен 50 шақырым жерде төгілген мұнай дақтары туралы ескертті. Мұнай дақтары танкерден батысқа қарай кемелердің транзиттік аймағында байқалған, бұл Йемен жағалауына 1,1 миллион баррель шикі мұнайдың төгілуіне қауіп төндіреді.

Бұған дейін Сауд Арабиясы бұл мәселені талқылау үшін Араб елдерінің экология министрлерімен кездесуді сұраған болатын.

БҰҰ Safer танкерінен ластану 1989 жылы Аляска жағалауындағы Exxon Valdez танкерінің апатынан төрт есе көп болуы мүмкін деп ескертті. Содан кейін мұхитқа төгілген 260 мың баррель мұнай Ханзада Вильгельм бұғазына іргелес жатқан үлкен су аймағын ластаған.


Соңғы жаңалықтар